Жан айқайы


(А.Сабыровқа)
Тайғақ кештің,
Сүріндің,
Құлап тұрдың.
Құлап тұрдың – алдыңда сынақ тұрды.
Қадам сайын қағытып қатал тағдыр,
Өз-өзіңді өзіңе сынаттырды.
Көре алмайтын көр соқыр күліп жүрсе,
Жанашырлар амалсыз жылап тұрды.
Асау теңіз тасыған арнасынан,
Өзіңді жағалауға лақтырды.
Сенің жаның қалайша шыдап тұрды?!
Жан айғайың шыққанда бүкіл дүние,
Тыншыды да,
Біp сәтке құлақ түрді…
Содан кейін әруақты батырлардай,
Орныңнан бip-aқ тұрдың.
Өмірді ойламап ем құбылар деп,
Көңілімде жауапсыз сұрақ тұрды,
Қуаныштан жүрегім жылап тұрды.

Болат Қазбеков

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *