Балалық қайда кіршіксіз таза бал шырын,
Жастық шақ қайда өзіндей мөлдір тамшының?
Өмір деген – атам қазақ айтқандай,
Сабындай келте екен-ay шіркін қамшының..
Өмірдің жүрмін өтерін ұғып, кеш біліп,
Жақсыны көрдім, жаманды көрдім ес біліп.
Өмip-ай, шipкін, зымырай бермей тыныста,
Құстарға ұқсап ұяға қонған кекілік.
Әлі де сенен аласым көп қой, аласым,
Дамылда бip сәт, асығып қайда барасың?
Дариға – өмір, сағыныштарымды тізбектеп,
Жалғап тұрсың-ау екі дүние арасын.
Таба алмай жауап, санамда сансыз сұраққа,
Өмір дегенің пендеге берген сынақ па?..
Кеше емес пе анамды танып күлгенім,
Ал, бүгін өмip ұқсайсың аққан сынапқа
Болат Қазбеков