Баянғали бiр жарым жылдай шопырлық правосыз жүрiп, оны алу үшiн Шортан қаласына барады. Куәлiк беретiн Қосымбай Әутәлiпов: «Ертең келiңiз», –дейдi.Сонда Баянғали қабырғада iлулi тұрған схема суреттердi көрсетiп:
Қосағамыз дегенде Қосағамыз,
Өзiңдi қашан келсең хош аламыз.
Жаман ГАИ жолықса тырқиямыз,
Жақсы ГАИ жолықса бесаламыз.
Мына жер оңға қарай бұратын жер,
Мына жер солға қарай бұратын жер
.Қай жаққа барарыңды бiлмей тұрсаң,
Артыңа ГАИ таяқ тығатын жер,
Сол жерден есi шыққан ақындарды
Жақсылар сүйеп алып шығатын жер!–деген екен.
Ақынның сөзiне риза болған майор куәлiгiн жазып берiпті.
Б.Әлімжанов