Осы заманның Балуан Шолағы, жылқышы Өзаман Исатаев ту-ралы деректi фильмге материал жинауға Жаңарқаға барғанда, Баянғали Сәкен Сейфуллин атындағы совхозда механизатор, спорт шеберi Ғазиздiң үйiнде өңкей балуандармен бiрге қонақта болады. Ойнап-күлiп, қонақтардың арқайсына өлең шығарып отырады. Бiраздан соң сыртқа шықпақ болып, аяқ-киiмiнiң бауын байлап жатқан ақынға үйиесiнiң зайыбы: «Қайным-ау, жұрттың бәрiне суырып шығарып жатырсың, бiзге де суырып шығармайсың ба?» –дептіәзiлдеп. Сонда Баянғали:
Суырып салуға мен ойланбағам,
Өкпелеп қалмас па екен қайран ағам?
Суыр-суыр дейсiң де еш қоймайсың, Жеңеше-ау, суырғанда қайда салам?–деген екен.
Б.Әлімжанов