Қош, бөтелке

Баянғали Алматыда тұрған кезiнде жоғарғы партия мектебiнде оқып жатқан курстасы Болат Дәулетовке қонаққа барады.

Ойнап-күлiп отырғанда бiр жартыны бiтiрiп, Болат екiншiсiн қояды дас-тарханға. Босаған шыныны әкете бергенiнде,Баянғали оны сәл бөгеп, былай деген екен:

Алдыма келiп қапты қос бөтелке,

Бiрi толық, ал бiрi бос бөтелке.

Барыңды сарқып алдық iшiңдегi,

Ал, ендi, айналайын, қош,бөтелке,

Артыңнан мынаны да жiберемiз,

Ұзап кетпей, ән жерде тос,бөтелке!

Ақынның әзiлiне риза болған жiгiттер қос бөтелкеге бес бөтел-ке қосып, әбден тойлаған екен.

Б.Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *