Ұмыту

Ән болып еніп кеудеме,
Мұң болып тұрақтадың.
Оңаша қалған кезде де,
Келмеді сыр ақтарғым.
Балауса сезімімді,
Батпадым сездіруге.
Таусылтып төзімімді
Көп күткен келді күз де.
Кеудемде мол үмітпен,
Аттандым арманыма.
Білемін шын жүректен,
Тілеулес болғаныңа.
Ағып-ақ кеттім білем,
Басқа бір арна тауып.
Алыстап кетті бейнең,
Тұрақтар қайда барып?!
Ұғатын жүрегімді,
Жанашыр дос та таптым.
Сол күні суретіңді,
Жырттым да, отқа жақтым.
Молынан сыйлап нәрін,
Жылжыды бір жыл тағы.
Ұмытып кеттім бәрін,
Демеп ем ұмытамын.
 
Зәкида Құбашева,
Ташкент қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *