Бұлақ пен құлақ

     Степняк қаласында өткен ақындармен кездесуде бүгiнгi таби-ғат  жөнiнде  жырлаңыздар  деген  жұртшылықтың  тiлегiне  орай Баянғали былай деген екен: (Аудандық «Ауыл өмiрi» газетiнен, 30 қыркүйек, 1992 ж.)

Бүгiнде Жөкей көлi ылайланды,

Аруағы Ақан, Бiржан былай қалды.

Түбiнде келер ұрпақ,ағайындар,

Бiздерден көлдiң құнын сұрайды әлi!

Бұл сөздi көрiнiп тұр ұнатқаның,

Жөкейдiң аршу керек бұлақтарын,

Жөкейдi тап-таза ғып алу үшiн,

Талайдың ашу керек құлақтарын,

Лайлаған осы көлдi бастықтарды

Жөкейдiң лай суына малып-малып,

Шiркiн-ай, алар ма едi бұрап бәрiн!

Б. Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *