Ақынның машинасы

      Баянғали  елге келгелi  айтыстарға, жиындарға  жаяулап-жалпылап, жол-жөнекей кездескен көлiкпен баратын. Ақынға бiр машина беру керектiгi туралы ел iшiнде көп әңгiме болады. Осы сөз аудан басшылары арасында да болған екен. 1992 жылы шiлде айында Кенесары-Наурызбай тойынан келе жатып аудан басшылары Жөкей ауылының iргесiндегi «Кирзуха»деп аталып кеткен тасты жерге тоқтайды. Сол жерде аудандық мәдениет бөлiмiнiң бастығыВасилий Грохвадатский,ауыл шаруашылығы басқарма-сының бастығы Қайрат Жұмабековке: «Ақшасын тауып берсеңiз,бiр жұмада Омбыдан жапонның шағын автобусын әкеп беремiн» –дейдi. Қайрекең «ақша болады»,–дейдi. Сол «боладыдан»кейiн бiр жұма емес, бiрнеше ай өтедi,жоқ. Сол жылы күзде аудан активi ауыл шаруашылығы қызметкерлерi күнi бас қосып, сөз кезегi келгенде Баянғали жерлестерiн құт-тықтай келiп:

Ас берiп Кенесары-Наурызбайға,

Ұрандап, Абылайлап халық тұрған,

Қайтарда бiздiң елдiң басшылары

Басына «Кирзуханың»барып тұрған.

Бiз сенi алақанға саламыз деп,

Арқамнан Қызыр ағам қағып тұрған,

Ляпота райсоветiңхан Кене үшiн

Жүз грамм тас үстiнде алып тұрған,

 «Мына орыс құлап кетсе,сөз болад»деп,

Сансызбай әр қимылын бағып тұрған,

Машина бiр жұмада болады деп,

Қайрат пен Василийiң қарық қылған,

Жыл өттi жұма түгiлi, машина жоқ,

Екеуi суайт екен барып тұрған!–деген екен.

Содан аудан әкiмi Қызыр Жұмабаев, «Баймырза» шаруашылығының басшысы Есiмбек Махметов, ауылдың әкiмi Амандық Ахметов, атақты бригадир Қазыбек Смағұловтыңдемеушiлiгiмен 1993 жылы ақынға қызмет машинасы –жаңа «Жигули»алып берiптi.

Б. Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *