1994 жылдыңжазында Қазақстан Президентi Нұрсұлтан На-зарбаев Көкшетауға келгенде,облыс басшылары Баянғалидан Қа-расуға барып, өлең айтып беруiн өтiнедi. Келесi күнi қой бағудың кезегi келiп тұр екен, оны әкесiне тапсырып, ақын Бурабайға бара-ды.
Президенттiң қайықпен жүзгенiн көрген адамдар: «Мықты адам екен, соңынан жүзген екi адамға жеткiзбедi», –дейдi. Бiраз уақыттан соң дастархан басында кезек ақынға келедi:
Алла деп мен кiрейiн өлеңiме,
Ризамын бүгiн Сiздi көргенiме,
Өскемен, Семей жағын орағытып,
Көгiлдiр Көкшетауға келгенiңе,
Заманның тозаңынан тазардың ба,
Бiр сүңгiпҚарасудың тереңiне!
Құдайым аулақ қылсын қайғы-мұңнан,
Елiмiз айрылмасын байлығынан.
Алып өт аман-есен қазағымның
Кемесiн заманыңның айдынынан!
Көмекшiң Иманғали қара бала,
Ұқсасын ой мен iсi даналарға,
Нұрекең саясында жүргеннен соң,
Бәйтерек болад шығар жеке-дара.
Президент суда жүзiп жүрген кезде,
Ұйқыдан тұрып жатқан жаңа-жаңа!
Ақылмен жүрер жолды нұсқап жүрген,
Халықты жақсылыққа бастап жүрген,
Рахмет Нұрсұлтандай ағамызға,
Амалдап орыс-қытай арасында
Абылай саясатын ұстап жүрген!
Беу, Нұраға,берi қара,
Дүрсiнгендi горбиттiң,
Ерсiнгендi ербиттiң,
Қазағыңды көркейттiң,
Қумадың жолын егестiң,
Қумадың жолын өңештiң,
Ақылдың жолын ұстадың,
Алшаң басып Ақ үйде
Клинтонмен де кеңестiң,
Жапонның көрдiң патшасын,
Ағылшын, испан басқасын,
Әлемдегi патшаның
Бәрiмен бүгiн теңестiң!
Ақынмын алдыңызда әнге басқан,
Атынан туған елдiң шашу шашқан,
Көп сәлем әкеп тұрмын ауылдағы
Қаракөз, қандас бауыр қарындастан.
Асығып тұра шаптым
Сiз келдi деп
Қойдыңда кезегiне қарамастан,
Жағдайын жақсартсаңыз ауылдардың,
Жалғанда хан болмайды Сiзден асқан!
Нұрекең рахмет айтып, демалуға кеткен соң,
көмекшiсi Иман-ғали Тасмағамбетов қасында отырғантұлғалы кiсi –Амангелді Шабдарбаевтың Президенттi қорғау бөлiмiнiң бастығы екенін, Колбиннiң тұсында Қонаевқа қарсы арыз жазбағаны үшiн қуғын көргенiн айтады. Оның ерлiгiне риза болған ақын:
Қайтпаған КГБ-ның наганынан,
Сол үшiн айырылған погонынан,
Тар жерде Димекеңдi сатпай қалған,
Айналдым,Амангелдi,табаныңнан!
Басыңнан,Амангелдi,бақ кетпесiн,
Ақының сөздi қалай нақты етпесiн,
Мәз болып өлең тыңдап отырғанда,
Бiр сұлу Президенттi ап кетпесiн!–деген екен.
Содан елге келсе, аудан активi
Президент ауданға келiп қалар ма екен деп күтiп отыр екен.
Ақынның әңгiмесiн тыңдап, мән-жайға қаныққаннан кейiн,
аудан әкiмi Кеңес Мұқатов: «Бiзге де бiрдеңе айтсаңшы», –дейдi.
Сонда Баянғали:Айтайын әкiмдерiң құлақ қойса,
Жиналып отыр екен жағып монша.
Президентке өлең айтып келгеннен соң,
Әкiмге айтқым келмейдi менiң онша!–деген екен.1995 жылдың тамызында Нұрсұлтан Назарбаев Еңбекшiлдер ауданына келедi.
Ол кісіні қарсы алуға дайындалып жатқанда аудан әкімі,түбі кеңащылық
Кеңес Шәмшіұлы Мұқатов Баянғали-дан:
«Президентке не айтасың?»–депсұрапты.
Сонда ақын:«Сіз келеді дегелі,
Біздің елге көп болды,
Күте-күте өзіңдіЕлдің көзі төрт болды,
Сізге сойған жылқыны
Әкімдер өзі жеп болды!»десем қайтеді!–деген екен.
«Ойбай, бізді жұмыстан шығарасың, айта көрме!» –дептіәкім.
Нұрекең келген соң,
Ғабдiсәләм қажы атындағы жаңа мешiтке кiрiп, кiлем сыйлайды,
Бiржан салдың басына барып, құран оқыта-ды.
Степнякты аралап, аудан жұртшылығымен кездеседi.
Кездесу барысында зайыбы Сара Алпысқызының
Степняк маңында туға-нын айтады.
Жұртшылықтың сұрақтарына жауап берiп,
Мекке мен Мәдинаға барғанын, пайғамбарымыз
Мұхаммед ғәләиссәләмнiң қабiрiне тәуәп қылғанын әңгiмелейдi.
АқсақалдардыңЕңбекшiлдерауданына
Бiржан салатын беру жөнiндегi тiлегiн құптайды.
Кездесуден кейiн, дастархан басында
Баянғалиға өлең айтқы-зады.
Әуелi Елбасыақыннан
Қырғызстанға қалай барыпкелгенiн сұрап, содан кейiн:
«Елiнде отырмыз ғой,
Бiржан атаңның бiр өлеңiн айтшы», –депті.
Баянғали «Темiртасты»айтып берiптi.
«Осындай адамды да керегеге байлаған-ау бiздiң қазақ!» –депті
Елбасы мұңайып.
Бұдан кейiн Баянғали Президенттiң келгенiне арнап бiраз өлең айтыпты:
Ел-жұртың қарсы алып тұр Нұрекелеп,
Келгенiң жатыр үлкен мереке боп.
Нұреке, қадамыңыз құтты болып,
Дарысын бiздiң елге береке боп!
Келген жерiң, Нұреке,
Абылай орда еткен жер,
Қазақтың соңғы көсемi
Кенесары, Наурызбай
Күңiренiп өткен жер!
Аспандағы аққуға
Бiржанның әнi жеткен жер!
Ұрпақтары солардың
Белiн бекем буған жер,
Атаның жолын қуғанжер,
Жаңа өзіңiз айтқандай,
Апамыз Сара туған жер!
Шүкiршiлiк, Аллаға
Жақсы-жақсы менiң де
Жезделерiм көп едi,
Бiрақ тағы iшiнде,
Президентi жоқ едi!
Апамыздың қадiрiн
Патша жездем ұққан ғой,
Бар әлемнiң бөбегiн
Бауырына басатын
Жақсы-жақсы қасиет
Сара апамның бойына
Бiржан жатқан киелi
Топырақтан жұққан ғой!
Бұдан кейiн Президент бiрге отырған ел адамдарымен әңгiмелесiп, олардың сұрақтарына жауап бередi.
Әңгiме барысын-да кейбiр басшылардың араққа үйiрлiгi жөнiнде де сөз болыпты. Бiр кезде аудан әкiмi Кеңес Мұқатов пен аппарат жетекшiсi,
Баян-ғалидың жиені
Еркетай Жомартов мипалау әкелiп,
меймандарғасыйлапты.
Сол кезде Баянғали домбырасыналып:
Әкімнiң мипалауы әзiр болды,
Бiрталай о да бiзге әзiл болды,
Қосылып Елбасымен мипалау жеп,
Сәнiмiз, ағайындар, қазiр келдi,
Басқаның Президентi iше берсiн,
Бiздiкi, шүкiршiлiк, қажы болды!–дептi.
Сонда Нұрекең: «Мына жерде арақ құйғызбады депотырсың ғой», –дептікүлiп. Бiрге отырған Болат Бекенов, Тасболат Алпысов сынды ақсақалдар, Ауылшаруашылықминистрi Жәнiбек Кәрiбжанов, облыс әкiмi Қызыр Жұмабаев, КНБ, милиция генералда-ры Мәжит Жандiлдинов, Амангелдi Жармағанбетов және басқалары да:
«Ендi не айтар екен?» –дегендей ақынға қарап қалыпты.
Болғанмен кемшiлiгi зор басымның,
Әрдайым жақсылардың жолдасымын,
Арақ пен темекiнi қатар қойған
Мен де, аға, Көкшетаудың молдасымын!–дептіақын.
«Бұрын өкiрткенсiң ғой!» –дептікүлiп Нұрекең.
Сонда ақын:
Арақтан бұрын ептеп алатынбыз,
Қиялмен әр нәрсеге баратынбыз,
Ол кезде генералға қол жетпейтiн,
Қолында сержанттардың болатынбыз,
Далада жатып қалған жерiмiз жоқ,
Күнара КПЗ-ға қонатынбыз!–депәзiлдеген екен.
«Милициямен онша емес екенсiң ғой», –депті
Нұрекең күліп.
Сонда Баянғали:
Арақты мен онша көп iшпейтiнмiн,
Ал iшсем талай қызық iстейтiнмiн,
Өкпем жоқ милицияға, жаяу жүрмей,
Үстiнен ППМ-нiңтүспейтiнмiн.
Айбатты арыстандай ақырмаса,
Аруағын аталардың шақырмаса,
Жiгiттi жiгiт деу деқиын, кейде
Сәтi түссе, түрмеге де отырмаса!–дегенде, Нұрекең күлiп жiберiп, ақынның өнерiне риза болып, алғыс айтып, ағалық ақ тiлегiн бiлдiрiптi.
Б. Әлімжанов