Аяғыңды тоса қоймадыңба?

Баянғалидың  әкесiТақан  ақсақал –Ұлы  Отан  соғысының екiншi топтағы мүгедегi, соғыстың басынан аяғына дейiн қатысып, Берлинге дейiн барып қайтқан. Екi ретауыр, бір рет жеңіл жара-ланған. Біржолы танк снарядының жарықшағы шекеден тиіп, әрең аман қалған екен. 1996 жылдың жазында соғыс мүгедектерiне жеңiл автомобиль берiлетiндiгiн естiп, ауырып жатқан ақсақал Баянғалиға: «Менi комиссияға апар», –дептi. Аудан мен облыстағылар әрлi-берлi қа-рап, ақынға: «Анда барып өйтiп жiберсеңiз, мында барып бүйтiп жiберсеңiз, бiреу-мiреулер көмектесiп жiберсе, атай машина алуы мүмкiн», –депақыл берiптi. Сонда ақын: «Менiң әкем қанын блатпен  төккен  жоқ, машинаны  да  блатпен  алмайды!»–деп, дәрiгердiң әдiл шешiмiне жүгiнiптi. Дәрiгерлер дұрыстап қарап: «Әкеңiздiң сырқаты бiр емес, бес кiсiге жетерлiк екен, он машина-лық еңбегi бар екен!Мұндай ардагерлер қазiр өте аз қалды ғой, бәрiне де машина берсе,артық емес», –депжылы сөзбен шығарып салыпты. Сөйтсе, заң бойынша, аяғынанауыр жараланған кiсiге машина берiледi екен де, Тахаңның жарақаттары ол заңға жатпай-ды екен. Ақсақалды үйiне әкеле жатып, Баянғали: «Ал, ендi маза-ны алмай тыныш жат үйде. Осының бәрін әуелде ойламаған өзің-нен көр! Оққабасыңды тосқанша, аяғыңды тоса қоймадың ба!?»–деген екен.

     Б.Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *