Еркіндікке

О, менің азаттығым, бостандығым,
Сен дегенде азаптан жасқанды кім?!
Ақын болып мен сені жырлап тұрмын,
Ұғынғайсың ұлыңның қосқан үнін.
Туды-біттім бейнеңді ескергенім,
Дей алмаймын көкейді бос кергенмін.
Жиырма екі қоңыр күз басып өттің
Құт болғай еркіндігім қош келгенің.
22 жыл!
Қауіптің төнбегелі,
Қандай жақсы заманды өңдегені.
Бостандықтың түндері еркелетіп,
Азат таңым қарсы алар күнде мені.
Қанша ғасыр сүйреткен қылышымен,
Қанша ғұмыр сен үшін түгесілген.
Әмір Темір хандарым жолын салған
Азат күнім мен үшін ұлысың сен!
«Сен бақытты заманның ұлысың» деп,
Әжем шіркін айтатын жасын сүртіп.
Тәңірім көз тиюден сақтағайсың,
Арал-ғұмыр тұрмасын көлденеңнен.
Дәл осындай азаймай азаттығың,
Жолы болсын Елбасы боз аттының.
Қадіріне жет, халқым, тәуелсізсің,
Айтыңдаршы, қалайды азапты кім?!
Уа, тыныштық, мәңгілік жалғаса бер!
Құтты болсын, отандас, азат күнің!
 
Лала Жүнісқызы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *