Мен ақынмын, сөзден жыр суырғанмын,
Қара өлең боп нөсерлеп құйылғанмын.
Жұлдызнама ішінде арыстанмын,
Шілде айында, қой жылы туылғанмын.
Қарапайым құм дала ауылданмын.
Ән-жырменен жасымнан бауырмалмын.
Өлеңдерім төгілген көк аспаннан,
Ақ нөсері секілді жауындардың.
Біреуге тар, біреуге кең боламын,
Жаға бола білгенге арқан ескен,
Қазақтың қара қызы мен боламын.
Ән мен жырдың жаһұтын іріктегем,
Тұзақ құрған талайлар… ілікпегем,
Қарсы келсең қасқайып қарсы аламын,
Жүрегімді жақынға жұлып берем.
Айнұр Жаппарқұлова