Көктем

Көктемнің гүлдері-ай,
Неткен көп түрлері-ай!
Шуақтан ыдыраған,
Бұлттар сиреді-ай.
Гүлдердің исінен,
Бар әлем балқиды.
Боз торғай тынымсыз,
Салып тұр ән-күйді.
Құлын-тай, балалар,
Асыр сап ойнайды.
Өміршең тіршілік,
Тынымсыз қайнайды.
Биелер желіге,
Сауынға байланды.
Қарт әже түрініп,
Саууға сайланды.
Шуақта қарт атам,
Ол неге ойланды?
Ақ мысық қашып жүр,
Төгіп-ап айранды.
 
Қаһарман Бекежанов
 
 
 
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *