Сүйемін

 
Ауылдарды көремін,
Кең өлкеме қарасам.
Алтын алқап далам бар,
Көзді тартар қарасаң.
Биік, еңсе көтерген,
Өндірісті қалам бар.
Бал татыған жемісті,
Бауларыма қараңдар
Жайлауларын толтырған,
Мың-мыңдаған қойларым.
Елге бақыт қондырған,
Ақ алтынды аймағым.
Достық, бірлік ынтымақ,
Келтірмейді ойға мұң.
Ел ырысы бірлікте,
Бұзылмасын қаймағым.
Даңқымды елге таратқан,
Халқыма бас иемін.
Мол байлықты жаратқан,
Ер еңбегін сүйемін.
 
Қаһарман Бекежанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *