(Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай)
Қазақ деген туған ұлы даланың,
Аялаған ақ сүтімен ананың.
Ақ бораны бесігінде тербеткен,
Жасыл жайлау, көк майсада самалы.
Қазақ деген көк аспаны нұр құйған,
Ана әлдиі құлағына жыр құйған.
Сәйгүліктің құлағында ойнайтын,
Тәй-тәйдан соң ат жалында құнтиған.
Қазақ деген қоймен бірге көшетін,
Сардаланы желмаямен кесетін.
«Қойшы қазақ», «тойшы қазақ», «көшпенді»,
Кезі келді-ау бұл аттың да өшетін.
Қазақ деген қорғап ұлы даланы,
Неше тұрып, неше рет құлады?!
Көрді қазақ өліп те, тіріліп те.
«Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаны».
Қазақ деген Асанқайғы ел кезіп,
Елдің мұңын арқалаған жер кезіп.
Қазақ деген Құрманғазы күй шерткен,
Әуен қосқан күйлеріне жел сезіп.
Қазақ деген елдің туын көтерген,
Абылайға хан бар ма екен жетер тең.
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би,
Болмағанда ыдырап ел кетер ме ед?!
Қазақ деген елді аузына қаратқан,
Баласағұн, Фарабиді жаратқан.
Қазақ деген ұлы Абай ақын-сазгер,
Татьяна әнін қырға таратқан.
Қазақ деген Мұхтар Әуезов,
Абайдағы ұлылықты сол сезіп,
Абай жолын жалғастырған мәңгіге,
Бар әлемді Абайымен жүр кезіп.
Қазақ деген Сүйінбай, Жамбыл ақын,
Әрбір сөзі еліне болған нақыл.
Бейімбет, Ілияс пен Сәкен сері,
Қалдырған тарихында өшпес даңқын.
Қазақ деген Сұлтанмахмұт зарлап өткен,
Кедейлік надандықты қарғап өткен.
«Қазағымның көгіне күн болам», – деп,
Күресуді елі үшін арман еткен.
Қазақ бұл Мұқағали, Төлеген,
Көкірегін мұң мен шер торлап өткен.
Қазақ деген Шәмші әнші қазағыма,
Үш жүз ән, әнұранын тарту еткен.
Қазақ деген қыршын кеткен Қайратым,
Халқым көрді жастарымның айбатын.
Жастар жанын жанпида еткен сол бір күн,
«Егемендік» күнге айналды тойға тың.
Қазақ деген Мұхтар ақын Шаханов,
Желтоқсанда ел жатқанда от алып,
Жалғыз дара, қасарысып иілмей,
Айыра алған, кімдер дос та, жат анық.
Қазақ деген кім танымайды Олжасты,
Невада мен Семей ара жол басты.
Болмасын деп ядролық соғысты,
Қос континент осылайша қолдасты.
Қазақ деген космосқа да ұшты ғой,
Егемендік бақыт құсын құшты ғой.
Ей уақыт, о замана, сақта құдай!
Тәуелсіздік ақ жолына түсті ғой.
Қазақ деген бауырларын жинаған,
Сыртта қалып, жіберуге қимаған.
Құшақ ашып жиып жатыр ел, жұртын,
Кешегі аштық, зобалаңда симаған.
Қазақ деген Назарбаев Нұрсұлтан,
Ел басы деп, халқым – қазақ пір тұтқан.
Дауыс бергем сайлауында жырыммен,
Сұлтан десе сұлтан-ақ қой нұр тұтқан.
Құрған қазақ жаңадан Астанасын,
Қуантып, ұлтын, елін жас баласын.
Асқақтайды Байтерек шаңырағы,
Тіреп тұрған сәулеті аспан астын.
Қаһарман Бекежанов