ОРАМАЛ

Жоғалды жібек орамал,
Бұлқынған бұлақ басында.
Қыз тұрды зілсіз: «Ағалар,
Алсаңдар бер»,-деп қасында.
Жекелеп келіп сұрар деп,
Қиығын көздің тастадық.
Жел айдап кеткен шығар деп,
Әзілге бір сәт бастадық.
Қиылтып қойған қай көрім,
Қызарып тұрды-ау алма бет.
Шын алған болсаң қайтейін,
Бермеске шара қалмап ед.
Жалт етті аппақ шағала,
«Басқа ермек мұнан жоқ па», -деп.
Ойнай да білмес ағаға,
Шынымен кетті өкпелеп.
Келбетке керім сай тұлға,
Тағы бір барып көріңдер,
Ойнаған болсаң
Айтыңдар,
Алғаның қайтып беріңдер.
 
Қази Данабаев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *