ТАҒДЫР

 
О, тағдыр, сені ұғыну қиын маған,
Жастықта етек-жеңі жиылмаған.
Біреудің бақытысың–бұйырмаған,
Біреудің көз жасысың тиылмаған.
Мен мені сор демеймін жан біткенге,
Бақытқа санамас та барлық пенде.
Сен бірақ айтып тұрсың «Ей, адамзат,
Өмірге келер болсаң, қалғып келме»
 
Қази Данабаев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *