Өттік біз дебіраз өмір өткелін,
Көрдік қыс пен жазиралы көктемін.
Базынам да бар шығар-ау бірталай,
Адамдарға алғысым да көп менің!
Қиналғанда,
Жүдеп-жадап жүрегім,
Сүйеу болды мейіріммен ұлы елім,
Ей, адамдар!
Мен сіздерге ішімнен,
Алғыс айтып,
Тілеулес боп жүремін.
Б.Әлімжанов