Адамзатты әлдилеген, шуағына бөлеген
Аңызаққу ән аз емес… Көп өлең,
Бірақ мынау әннің жөні бір бөлек
Оның құнын ерлер қанмен төлеген!
Кегін қуып, фашизмге автомат боп оқталып,
Бір топ жауға жалғыз өзі қайтпай қарсы аттанып,
Қыра берген қынадай ғып Құламерген сияқты,
Өр Алтайдың ақиығы – ер Төлеген Тоқтаров!
Қыран ұлдан қашқан фашист – қарақшыдай көп қарға,
Қапқара боп сұлап түсіп, серейеді ақ қарда,
Тура келген ажалға да арыстандай атылар
Өрен ұлдың жүрегінде Отан деген от барда,
Амал қанша… Темір құрсау тас жүректі жауыздық
Отаншылды опат қылмай тоқтар ма?
Жас қабірін жан досының көрген сәтте Елебаев егіліп,
Ән шығарды Тоқтаровты жоқтауға,
Бүкіл майдан жас қазақ деп ән салды,
Мүмкін бе еді мұндай әнді айтпауға!
Қан майданда ай нұрымен жанжараға
дәру болып себілген,
Қыршын кеткен боздақтардың жоқтауы
боп жылдар бойы егілген,
Гимн болған қазақтарға, қаймықпастан шынжыртабан,
дүлей, дажал өлімнен,
Қасқайып тұрған құрбан деп жаным туған жер,
туған елімнен,
Көсемдердің ары таза болмаса… Жауап берер өздері,
Солдаттардың қаны таза сол соғыста Отан үшін төгілген!
Қазір бірақ бәрі өзгерген… Жаңа заман… Жаңа заң,
Бас тартуда бұрынғы өлшем, қалыптасқан бағадан,
Кеше ғана табындырған көсемдер мен батырлар
Құлап түсіп тастұғырдан, өшіп жатыр санадан,
Тарих бірақ өзгермейді, өшпейді,
Мейлің мақта, мейлің датта, күйіппісіп, назалан,
Айнымайтын ақиқаттар болады
Аударсаң да өткен істі арлыберлі жаңадан,
Басқыншының қандайын да маңдайынан ұр деген,
Қағида бар бұлжымайтын, қалған бізге бабадан,
Басакөктеп, қырыпжойып келген жаумен шайқасып,
Жанын қиып, отжалында жандыдағы Рамазан,
Жарып шығып жас жүрегін,
шырқыраған арманмұңы аманат,
Ескерткіш боп жас қазаққа қалды мәңгі ғажап ән!
Тағдыр… Тарих… Тартса да әбден азабын,
Қылкөпірде тұрғанда да ұмытпаған қазағын,
Текке кетпес текті аталар төккен қан
Жас қазақтар жоғалтпаса,
Айта білсе өз әнін!
Баянғали Әлімжанов