Сақылдаған сары аязбен тіресіп,
Сартсұрт сынар сұлу бұтақ сіресіп.
Қарағайлар қалқып бара жатқандай,
Ұшар басы ұшпа бұлтқа ілесіп!
Жортады аңдар аштық қуып інінен,
Тағдырларын қарға жазып түнімен,
Қырау шалған аңшы кезер құмартып
Шимайшиыр жазуды оқып күнімен.
Тұнық жырды тыңдайтындай ақ тиін
Қарағайдың дыңылдаған діңінен.
Сере қардың сүйкей басып күртегін,
Арлан бөрі сездірмейді бүлкегін.
Ақ көрпесін қымтанады жандәрмен
Үркек қоян үлпілдетіп үлпегін.
Түсінбессің қанша түрсең құлақты
Құйтақандай құсқа біткен қуатты,
Аяз құшқан ақ орманның тірлігі
Тоқылдақтың тұмсығында сияқты!
Б. Әлімжанов