КҮЗГІ БАҚ

 
Алдағыға мың ұмтылған, жүз құлап
Бұрынғылар жүріп өткен ізді бақ.
Қиыры жоқ кеңістікті кеземіз,
Уақыт шіркін қуалайды ызғып­ақ.
Жасыл дәурен жарқ етті­ау деп жасындай
Сыбдырлаған жапыраққа түр құлақ.
Жарты қапшық бос бөтелке арқалап
Бүкір кемпір бір бұрышта тұр жылап.
Шал тістейді түтін шалған сар мұртын
Трубкасын түбіртекке ұрғылап.
Алаңқайда шуылдайды доп қуып
Балдырғандар – асыр салған қозы­лақ.
Асығады айдынына мұхиттың
Таудың төсін тесіп аққан мұз бұлақ.
Тіршілікке тәтті мұңмен тәубә ғып,
Сабырлы ойға батырады күзгі бақ!
 
 
Б. Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *