СӘРЕСІ

 
Таң алдында… Дүние тыныш. Сәресі.
Сәресіге жуымайды жын­ойнақтың
дуасы мен бәлесі.
Оразада ой теңізін кешкен сайын оңаша
Мұсылманның тазарады иман тұнған жан есі.
Рамазанда тәубаменен қарайды адам бәріне,
Мән береді тіршіліктің жалғыз түйір дәніне,
(Тойынғанның таңдайына татымайды
табақ тола табака
Қайдан жетсін қара нанның қадірі мен дәміне).
Ауыз ашар сәт келгенде сиынады Аллаға,
Жан­тәнімен шүкірлік қып нұр иманның нәріне!
 
Б. Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *