Ару қыздай ғашығымен табысқан
Ай құяды аппақ нұрын ғарыштан.
Шетсіз, шексіз тұңғиықтан сескеніп
Жалғыз жерді серік қылған алыстан,
Ай нұрынан ақылойы қозғалып,
Қиялданды қанша нәзік данышпан.
Ай да жалғыз, жер де жалғыз, күн жалғыз,
Мыңмиллион болса да адам – шын жалғыз.
Құдай – жалғыз, құдай деген жан – жалғыз
Қастық қылмас бір жалғызға бір жалғыз!
Баянғали Әлімжанов