Жанжағымнан тұмшалап,
Тұншықтырып,
Қыңыратқып,
Қыржиып,
Қырсық қылып,
Өнерімді тартқылап балағынан
Өріс бермей,
Тістейді қыршып тұрып.
Қисыны жоқ қисық ой,
Қияс сөздер
Жүрегімді жатса да
Түршіктіріп,
Сабыр қылам,
Қайтем деп айқайшумен
Алаң көңіл
Ел ішін ушықтырып.
Күшқуатым жетсе де,
Қай ұшпаққа
Шығармын,
Жас күнгідей тұмсыққа ұрып,
Ұшып түссем
Жата қап жыламаймын,
Қайрат қылам
Қайтадан ыршып тұрып.
Ешкіммен де бәсеке,
Таласым жоқ,
Өз ісімді иірем ұршық қылып,
Иә, құдай деп халқыма қызмет қылсам
Көңіліме көрген жоқ кіршік тұрып!
Б. Әлімжанов