БІР ҮШ КҮН…

 
Жалған дедік,
Дүниені сұм дедік.
Арзан дедік,
Адамдарды құм дедік.
Жалмай бердік сүйдедік те жан­жақты
Біз не деген қанағатсыз жынды едік!
Қу құлқынның құрдымына түстің бе,
Бітер кезі болды­ау қандай істің де?
Қайтер еді бар адамзат келісіп
Жанталасты доғарса бір үш күнге?!
От алдырмай қойса барлық көлігін,
Тыйса түгел жын ойнағын, желігін,
Шүкірлік қып, ойлар кешіп дем алса,
Күпірліктен аулақ салып көңілін.
Тазарар ма жердің күңгірт келбеті,
Азаяр ма ауаның да мың дерті,
Тәуба десе жазылатын сияқты
Өзі тапқан ынсапсыздық індеті!
 
Б. Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *