Қысыр сөзге неге сонша болады екен жұрт үйір?
Қызыл тілде буын жоқ қой,
Сүпсүйір!
Сынау оңай,
Мінеу оңай,
Даттай салу тіптен оңай барлығын,
Іс бітіру қиын бірақ бір түйір!
Ойланбастан жаға салып жаманды,
Оңдырмаймыз адамды,
Кінәлаймыз түгін қоймай қоғамды.
Бір түкіре саламызау тәрк етіп
Қағынды деп заманды.
Аударамыз, төңкереміз, ол аздай
Жиыптеріп бір уысқа
Бүкіл шексіз ғаламды.
Мән үйрету адамзатқа опоңайау
Пеш түбінде отырып.
Жөндеу қиын
Аңғалсаңғал
Сықырлаған қораңды!
Б. Әлімжанов