Аппақ болып топ төрінде отырып,
Әпәдемі сөз сөйлейді көпіріп,
Аузын жауып
Шыршыр еткен шыншылдың
Тырп еткенге
Таптап беріп, опырып,
Қисық ойды келтіреді қисынға
Ақиқаттан
Бірақ аттап секіріп,
Бірақ түбі
Шикілігін сезбейтін
Емеспіз ғой
Соншалықты соқыр ұлт,
Әшекейлеп
Аспанға іліп қойсаң да,
Өтіріктің аты
Бәрібір де өтірік!
Б. Әлімжанов