ДАҢҒЫЛДАР

Аһ ұрған жұбандырып қанша жанды,
Атырған ағыл­тегіл әрбір таңды,
Атылған көкіректен жанартаудай
Асырған ел мерейін жыры дәмді
Ақылман жырауларға сүттей ұйып
Ақыннан артық көрмей патша, ханды,
Аталар тоқтаған ғой балаға да
Айтылған нұсқа болса сөзі мәнді,
Аруағына айналған алты Алаштың
Ата­жыр жасай бермек елмен мәңгі!
Жыраудың қандай екенін
Көрген білген жан бар ма?
Шырқыраған шындықты
Келістіріп, кестелеп,
Керімсалдай еспелеп
Керіспей айтқан хандарға,
Бозторғайдай шырылдап
Шырқаған талмай таңдарға,
Ұлыстың ұстап үлгісін
Ұшырған ойды заңғарға,
Ұзақтан ұқсар үрдісі
Нұр сәулелі шамдарға,
Жапанда жортып, жалған мен
Жаһанның шерін толғаған
Жан жете ме ғаламда
Аңғал­саңғал, ақжарма
Баяғы даңғыл шалдарға!
 
Баянғали Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *