КЕҢІСТІК

 
Қыз:
Жанымдасың, жап­жақынсың, бірақ та
Жүргендейсің қол жетпейтін жырақта.
Жігіт:
Қас қағымға ұзап шықсам қасыңнан
Нәзік үнің келетіндей құлаққа.
Қыз:
Таудан асып, бұлтты жарып келер деп,
Көз талдырып күттім сені елеңдеп…
Жігіт:
Сар даладан самал болып есіліп,
Теңізден де бөгелмес ем терең деп.
Қыз:
Арамызда көз көрмейтін кеңістік,
Ұмтылсақ та жеткізбейтін шексіздік.
Жігіт:
Өкінсек те өзгермейтін кеңістік,
Өтінсек те өткізбейтін шексіздік…
Қыз:
Өмір – ағын, жүздіреді айдында,
Ақ желкенді арманды ойға алдың ба?
Жігіт:
Кім біледі, сен ертелеу келдің бе?
Әлде, бәлкім, мен кешігіп қалдым ба?!
 
Баянғали Әлімжанов
 
 
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *