Кеңістікте
Төрт нүкте мен үш сызық,
Үш сызықпен
Қос төртеуін тік сызып…
Құмарланып,
Арлыберлі сызғылап
Әуре болып
Таба алмайсың түк қызық!
Ақыл, білім
Болғандықтан дұпдұрыс,
Іштен іздеп
Жұмсайсың кеп күшқұрыш…
Қосылады
Тік бұрышты төрт нүкте
Төбелерін
Қоршай тартсаң үшбұрыш!
Қалай ойлау
Болғанымен ырқыңда,
Тік төртбұрыш
Ішінде әлі тұрсың ба?
Не табасың
Қабырғадан шектеулі,
Шешу – шындық
Кеңістіктің сыртында!
Баянғали Әлімжанов