Қайыршының да өз мемлекеті бар. Мемлекетінің ше-карасы бар. Ол мемлекетте кілең байлар тұрады. Тек Қайыршы ғана кедей. Бір мемлекетке бір қайыршы жетеді, екінші қайыршының болмағы қажетсіз. Бір мемлекетте бірақ патшаның болатыны сияқты. Патшаны қайдам, Қайыршы қанағатшыл. Өйткені айналасындағы адамдардың бәрі бай. Жайылған алақанға бірі болмаса бірі тиын-тебен тастап кетеді. Ал патшаның патшалығында-ғы адамдар ала- құла. Бірі сараң, бірі һарам, бірі жомарт, бірі нәмәрт дегендей…Қайыршы өз «мемлекетін» көлденең көк аттыдан қызғыштай қорғайды. Жалғыз өзі. Ал патша алдымен өзін қорғайды, дұрысы қорғатады. Қайыршы халыққа қазы-нам деп қарайды, ал патша қарашым деп қарайды…
И. Сапарбай