«Жас жігіт әл үстінде жатыр. Дәм -тұзының таусылғанына күмәні қалмаған жақындары жерлеу қамына ыңғайлана бергені сол еді, жатқан адамға жан бітті. Ана жаққа барып қайттың ғой, не көрдің, не білдің, айтшы? десті айналасындағылар оны қаумалай түсіп, сен өліп қалдың емес пе? Өліп қалдың? Жоқ, өлгем жоқ, тірімін! Өйткені, мен бәрін сезіп жаттым: ішек- қарнымның шұрылдағанын да, қол -аяғымның суығанын да… Сонда қалай, бұл екеуі болмаса өзіңнің тірі екеніңді сезінбейтін бе едің? Пәлі, сендер де айтасыңдар- ау, егер мен Жұмаққа кірсем қарным ашатын ба еді, Тозақ отына тап болсам аяқ- қолым жаурайтын ба еді?!».
И. Сапарбай