«Ерлі -зайыпты екеу сотқа жүгініпті: Мен мына доңызбен бұдан әрі тұра алмаймын! депті әйелі әрі шағынып, әрі шабынып. Мына қайралған пышақтай қатын әбден қанымды ішіп, сілемді қатырды, құтқарыңыз! депті күйеуі азар да безер кейіппен. Сот: бала- шағаларыңыз нешеу? Әйелі: үшеу. Сот: бірер жыл ажыраспай тұра тұрсаңыздар қайтеді, бәлкім, дүниеге бір сәби келіп…ажырасқан күнде де екеу -екеуден бөліп алып дегендей… Күйеуі: Атай көрмеңіз! Бұл ма, бұл егіз табудан тайын-байды! Онда қайтпекпін?Әйелі: Фу, сөзін қарай гөр! Сендей мәнжубасқа сенсем, маған анау үш бала да бұйырмаған болар еді!..».
И. Сапарбай