Шешесі мен баласы

Бір баукесер суға қарап тұрып:– Апа деймін, мүнда келші, бетіне көн жамаған біреу маған мелшиіп қарап тұр! – депті. Қасына келіп судан өзін көрген анасы: – Үйбүй, балам-ay, оның қасында албастыдан аумайтын бір кемпір де қарап тұр ғой? Қой, құрсын, беті аулақ, кетейік! – деген екен.

И. Сапарбай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *