Харун ар-Рашид

Харун ар-Рашидтің екі әйелінен екі баласы бар екен.
Өз баласы Аминнен гөрі Мамунды жақсы көретінін
біліп-сезіп жүретін анасы бір күні халифаға:
– Ей, Халифам, екеуі де өз ұлдарың емес пе, неге балаларды алалайсың? – деп наразылық білдіріпті.
– Онда екеуін де сынақтан өткізелік, себебін сонда білесің, – депті Харун. Сарай қызметкерін шақырып Амин мен Мамуннан бір
нәрсені сұрап келуге бұйырыпты. Әлгі адам Аминнің қасына келіп:
– Ей, Мухаммед Амин, егер де әкеңнің тағына отыра
қалғандай күн туса, маған қандай жақсылық жасар едің?
– деп сұрапты.
– Сені ме? Өзіме ең жақын кеңесші етіп аламын.
Сарай қызметкері Мамунға да осы сұрақты қайталапты. Сонда Мамун ашуға булығып, алдындағы алтын сауытпен әлгінің басын жарыпты. Онымен қоймай:
– Әкемнің өлімі саған не үшін керек болыпты? Сарай
қызметкерлерінің бәрін оның адал перзенттері деп жүрсем, сен оңбаған оның өлімін тілеп жүр екенсің ғой? – деп айдап шығыпты.
Басын жарып, бақайын қанатып келген қызметкер болған жәйдің бәрін баяндапты.
– Көрдің бе, – депті сонда Харун ар-Рашид қатынына
қарап, – мен перзенттерімнің әрқайсысымен ақыл-парасатына сай мәміле қыламын…
 
И. Сапарбай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *