Хусрау Шахтың заманында бір адам көшеде:
– Үш өсиетім бар, кім мың динар берсе, соған айтамын! – деп жар салып жүрген көрінеді.
Мұны естіген Патша әлгі адамды дереу Сарайға алдырыпты.
– Ал, қымбаттым, нендей өсиеттер ол? – деп сұрапты
Шах.
– Әуелі ақысын әкел, – депті анау.
Құты толы динарды алдына әкеп қойыпты.
– Бірінші айтар өсиетім сол, “Сенің салтанатыңда көзге
ілер бірер адам жоқ”. Екінші сөзім мынау: “Адамдардың
бәрі ақымақ болған күнде де оларсыз өмір сүру мүмкін
емес”. Ал үшінші өсиет сөзім алдындағы екеуінің пайымынан шығады: “Патша бұл ақымақтардан біржола құтылуы үшін олардағы жаман әдеттерден хабардар болып отыруы лазым”. Үш өсиетті де ұнатқан Патша оны айтушыны алғыстап, әлгі құты толы ақшаны алдына ысырыпты. Біраққонақ ұсынған ақшаны алмапты.
– Алмайтының бар екен, неге “әуелі ақшаңды шығар” дедің? – депті Шах.
– Мен патша болсын, басқа болсын, ақылды пұлдайтын, алтынды құлдайтын адамдардың қаншалықты бар-жоқ екенін байқап көрейін деген едім, – депті сонда әлгі адам.
И. Сапарбай