Сократ бір ауқатты адаммен жолда келе жатса керек.
Шолғыншылардың аузынан: “Ойбай, осы маңда қарақшылар өріп жүр!” дегенді ести салысымен әлгі бай адам асып-сасып:
– Құдай тас төбеден ұрды деген осы, олар мені танып
қалса қайтпекпін? – дегенде, Сократ та қарап тұрмай: –
Қап, әттесі-ай, құдай ұрғанда, олар мені танымай қалса
қайтпекпін? – деген екен.
И. Сапарбай