Бір ғұламаның қызы бойжетіп отыр екен. Оған бірі бай, бірі кедей – екі кісі бірдей құда түсіпті. Ғұлама ойланбастан қызын кедей жігітке беріпті. Көрші-қолаң та-ныс-паныстары одан “мұныңыз не?” деп сұраса: – Дәулетті жігіттің көркінен гөрі ақыл-есі кемдеу көрінді, әкеден қалған мал-мүлік қашанғы етегін жапсын. Ал кембағал жігіт одан әлдеқайда епті, елгезек, есті. Кедейлік кемтарлық емес, есі бүтін адам ертең-ақ етек-жеңін тез жинап алады – деген екен.
И. Сапарбай