Менің аңғаруымша, Алланың ең жек көретіні – астамшылдық. “Ұлық болсаң, кішік бол” деген ғибратпен қоса кейде: “мынау Құдайын ұмытқан екен” деген ренішті де есітіп қаламыз. Бірі ырзалық, екіншісі – наразылық. Көкірегіне дән түскендер көбейсе, елдің бағы. Кеудесіне нан піскендер көбейсе, елдің соры. Қорықсаң, соңғысынан қорық. Осыдан Абай да қорыққан. “Бас-басына би болған өңкей қиқым…” деп налыса, бұл – соның сал-қыны. Бұған Мұрат Мөңкеұлының “Мен қауіп еткеннен айтамынын” қосыңыз. “Мың асқанға бір тосқын” болса екеннің қамы бұл. Амал не, мынау жадыгөй жалған, тірнекі тіршілікте асқан да аз емес, тасқан да табылады. Олар кеше де болған, бүгін де бар, өкінішке қарай, ертең де өркен жая бермек.Пенде менменсіген жерден Періште қашады.
И. Сапарбай