“Дүние-байлық – қолдың кірі” дейді қазақ. Сөйтеді де Құдайдан көзін ала бере байдың алдында құрдай жорғалауды сөкет көрмейді. Өйткені “Кедейдің тоя жегені – шала байығаны”. Құлқынға құлша жегілген байғұс бір күннің берешегі үшін мың күннің көрешегін ойланбастан құрбандыққа шалып жіберуге құба-құп. Алты қат аспанның аржағындағы Алланы ол нағылсын?!Көп қазақ, мен білсем, осылайша өмір сүріп келеді. Бұрын да, бүгін де. Ертеңге көзім жетпейді…
И. Сапарбай