Қайтсем сыздаған жүректі сылап-сипаймын, қайтсем мұздаған жүректі ерітем, қайтсем құлазыған көңілді құлантаза қуантам, қайтсем жылаған жанды жұбатам – менің өмірім де, өлеңім де осыған бәйек. Мұның бәрі бір адамның қолынан қалай келсін. Жолыма серік, жаныма көрік болатын адамды іздейтін себебім содан.
И. Сапарбай