Өлең – менің қан тамырымның бүлкілі, жүрегімнің ырғағы. Қуана да, шаттана да, қайғыра да, мұңая да білетін сол жүректің солқылдай соғуы мен лүпіл қағуы әр сәтте әрқилы. Яғни, өлеңімнің ішкі әуені, мақамы, ырғағы, нәші – жүрегімнің кардиограммасы. Мен ешкімге ұқсамаймын, маған да ешкім ұқсамайды. Еліктеу, елпілдеу маған жат. Өз ән-жырым – өз тағдырым. Заман қай бетін бұрса да, енді өзгере қоюым екіталай, өте қиын, тіпті, мүмкін емес!
И. Сапарбай