Қыз он бесінде көзге ілігеді. Он сегізінде бойжетеді.
Жиырмасында толысады, піседі. Одан әрі піскен жеміс
үзіліп жерге түседі. Жігіт – он үшінде отау иесі. Он үш пен он бес арасы – бозбала бозым шағы. Жиырма – дер шағы. Жиырма бес
– ер шағы. Отыз – орда бұзар кез болса, Қырық – өмірдің
белдеу тұсы. Орыс ақыны Евгений Евтушенконың:
“Жизнь до сорока – как хмель,
После сорока – похмелье” дейтіні осыдан.
Мұны қазақшаласақ:
“Қырыққа дейін ұртың май,
Қырықтан кейін қыртылбай” болып шығады. Әйткенмен,
“Қырықта қылшылдаған қылыштаймын,
Қыздырып отқа салған құрыштаймын!”
деген қанатты, қайратты сөзді де қаперде ұстаған дұрыс-ау.
И. Сапарбай