Шекара

“Шекараны таспен қоршама, доспен қорша”. Бұл – бұрынғылардан қалған сөз. Бүгінгі мен бұрынғының арасы бұлыңғырланып барады. Көз алдың бұлыңғырланса, Тау екеш, тау да көрінбей қалады. Тас қаланса тау болар, жас шыланса көл болар. Үй болған соң кесе-аяқ сылдыр-ламай тұрмайды. Ел болған соң өсек-аяң арада жүрмей тұрмайды. Басы мойнында, тасбиғы қолында бола тұ-рып тасы қойнында жүрсе ағайынның анттан айныға-ны, адамдықтан азғаны, Алладан безгені. “Бас-басына би болған”, ел атанып енші алған Түркі тұқымдас Алаш азаматтары алдымен осыны ойға алса екен!..

И. Сапарбай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *