Темір тауық

 
“Тарыдай шашылған аз қазақты Жиырма бірінші ғасырдың технологиялық темір тауығы түгел шоқып жеп қоюы ықтимал…” Айналайын, Марат-ай (Марат Қабанбаев), қаршадай басыңмен қазағыңның қамын жегеніңді қайтейін, қарамызды азайтып қара түннің қойнына қайрылмай кете
барған соң… Жамағатың жаңа ғасырда да жайбарақат, жиярға есі,
жабарға етегі жоқтай көрінеді… әлі күнге. Айдың күні
аманында шаңырағы ортасына түскен Ауылың анау…
Ажалдың хабарынан да, айдаһардың аранынан да айылын жимай далиып жатқан Далаң мынау! Қабағын қара бұлт басқан, жебір мен обыр жұптасқан, көзі үңгіге, кірпігі сүңгіге ұқсаған сырты бүтін, іші түтін қаражүрек қатыгез Қалаң, әне! Алла – Тәңіріміз еді, Ауыл – тамырымыз еді…
Тамырсыз талшыбық та көктемейді,
Пендесі, Алла берсе, көп демейді.
Тал түсте тамырынан ажыраса,
Бұл қазақ енді кімге өкпелейді?
Тамырсыз Тәңірімізге қалайша алақан жайып, қол созар екенбіз?
Көкшілденіп тұратын көзі кілең
Қала деген – моланың өзі білем?
Түнде тағы ауылым түсіме енді,
Көк түтінге тұншығып көз іліп ем…
“Өлетін бала молаға қарай жүгіреді” демекші…
 
И. Сапарбай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *