– Аға, біз сізді жақсы білеміз, – деді бір інім қолды-аяққа тұрмай, – о, сіз деген… қалай айтсам екен, сіз деген… былай, мақтаныш етеміз, аға, біз сізді… Сіз деген, әлгі, анау…кім бар ғой… – Кімді айтасың? – дедім мен де аузына түсіп әлгінің (мақтағанды кім жек көрсін).– Кім ше, әлгі, анау… Бірақ, аға, сіз бәрінен де мықтысыз! Сіз бізді білмейсіз, бірақ біз сізді білеміз… Білгенде қандай!..
– Ой, айналайын, білгенің жақсы. Білгісі келмейтіндер, көзге ілгісі келмейтіндер қаншама… Сен оларға қарағанда… Айта қойшы, айналайын, қай кітабымды оқып едің? – Ағасы-ау, сізде кітап сабан емес пе?! Көп дегенім ғой, ағасы… қайсы бірі есте қалушы еді… – Соның қайсысы қолыңа ілікті деп жатқаным ғой, інім… – Аса қаражаяу емеспіз, ағасы, біз де кітап оқимыз… білеміз, білген соң да…– Немді білуші ең, айтпайсың ба енді?! Дауысым қаттырақ шығып кетті білем, анау жан-жағы-на алақтай берді. – А-а-ғасы, ана бір кісіні де… жақсы білуші ем. Алдынан шығып, сәлем беріп дегендей… Тұра жүгіріп, құрақ ұшқан “інімнің” жағы тынар емес: – Ассалау, аға! Біз сізді жақсы білеміз, аға. Білгендіктен де… алдыңыздан шығып, сәлем беріп дегендей…
И. Сапарбай