Қайран, Абай!..

Қазақы қауымда әлеуметтік белсенділік бұрын да оңып тұрмаған еді, қазір атымен жоқ. Театр мен кинодағы көрермен, көркем әдебиеттегі оқырман белсенділігін айтып әуре болмай-ақ қоялық. Кітап түгілі бір-біріне үңілуге уа-қыты да, шамасы да жоқ жұрттың қазіргі көрген-баққаны – қара бастың қамы, қара базардың маңы. Ертеден кешке дейін сеңдей соғылысып, сілесі қатқан, сіңірі шыққан ел “өз үйі – өлең төсегіне” сүріне-қабына құлайды. Ертеңіне тағы осы. Мимырт тірліктегі милау қыртты, мылқау жұртты басқару иттен де оңай! Патша тақта, көзқаман атта, мәңгүрт қапта! “Елу жылда ел болмақтың…” қазіргі қам-харекеті әзірше осылай, ертеңін қайдам…“Адам бір – боқ көтерген боқтың қабы…” – қайран, Абай-ай, тағы да алдымыздан шыға келдің-ау!..

И. Сапарбай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *