Біздің әкімдердің біразы Елбасының енші бөліп бер-ген ересек ұлдарына ұқсайды. Бар білгені – бақыр бас-тың қамы. Өйтпегенде ше! Бүгін болмаса ертең мұның орнына басқа біреу келеді. Келеді де: “Әй, бәтір, қай-қай!” дейді. Бірер жылда жемсауы бұлтиған бұл да: “Уә, кімсің, байқа, әй!” демейді. Өстіп жүргенде ай өтеді, жыл жылжиды… Уақыт оздырған, елді тоздырған “жү-гермектерін”, әрине, Елбасы басынан сипап, әукесінен қасымайды Айтылған сөз – атылған оқ, қайсыбіреулері асын ұрттай ішіп отырып мұрттай ұшады. Ендігі біреулері Үлкен үйден елге “үлес” алып қайтады. Қайтады да біраз күн қопаңдап қол-аяғын жинаған болады. Осы бір орайда бала қолындағы үрген шар көзге еріксіз елестейді. Үрген шардан үміт бар ма – ұшады да кетеді. Кейбір шар бірер күн шеңбірек атып тұрғанымен, бірте-бірте желі шығып бүрісіп, тырысып тынады. Ал қайсыбірі қарадай тарс етіп жарылады. Жарылған нәрседен нәжіс болмаса, жағымды иіс шығушы ма еді, тәйірі…“Семіздікті қой көтередінің” бір кері осы-дағы.
И. Сапарбай