Бір муһмин байғұс Мұхаммед пайғамбарымыздың алдына келіп: – Айтыңызшы, адамзатқа Алла тарапынан Ақырзаман қашан келмек? Әлде, ол әр пенденің басында болатын зауал ма? деп сұраған көрінеді. Сонда Расулулла с.ғ.с. оған: – Адам өз көршісін, аға-інілерін, одан қала берді әке-шешесін өлтіретін күн келмейінше Қияметқайым бол-майды, – деп жауап беріпті. Әрбір сұмдық өлім, сумақай суық хабарды естіген сайын жүрегім суылдап, еріксіз есік жаққа қараймын – Қыдыр емес, Қияметқайым келіп қалмады ма екен деп…
И. Сапарбай