Нострадамустан бастап Вангасы бар, өңгесі бар көріп-келдердің сәуегейлігіне көңіл аударсақ, әлемдік Апокалипсис, яғни Заманақыр зауалы қылтиып қыр атсында тұрғанға ұқсайды. “Мың асқанға бір тосқын” деп қазекем де асып-тасу аяғының не болмағын әуелден-ақ ес-кертіп қойған. Әйткенмен, айта отырып айнитын да, сезе жүріп семіретін де, біле жүріп бүлінетін де алдымен сол қазақ. Мұсылманшылық жолына бақсақ, бұдан асқан күнә жоқ. Әсіресе, әсіре-билік иелерінің бұл бағыттағы “еңбегі” ерен. Асауды момынға, момынды тобырға ай-налдырып жібергендерге ерте ме, кеш пе, бір жазаның болары хақ. Бірақ… “Екі ортада шыбынның өлетіні” жаман да.
И. Сапарбай